Біз туралы

ЖШС «Ақылды Рахым» бөбекжай балабақшасы  Шымкен қаласы Таскен тұрғын үй алабында  орналасқан. Балабақша ұжымы  білікті педагогтардан, жоғары санатты тәрбиешілерден, аспазшылар және  медбикелерден құралған.

Қызметкерлердің басты мақсаты балалардың жан жақты дамуына толыққанды  жағдай жасау  . Білім беру және тәрбиелеу мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті білім беру стандартына және бағдарламасына сәйкес жүргізіледі. Бағдарлама мектепке дейінгі  жастағы балалардың дене және психикалық денсаулығын сақтауға бағытталған. Ұйымдастырылған оқу қызметінің кестелері санитарлық – гигиеналық талаптарға сай аптадагы, бір күндегі ақыл-ой қызметінің әртүрлі түрлерінің үйлесімділік табуын сақтала отырып жасалынған Тәрбиешілердің білімін бағалау тәртібі, критерийлерінің қолданылуы мен саны көрсетілген. Барлық топта «Топ жетістігінің картасы» жүргізіледі; ол мектеп жасына дейінгі балалардың білім беру салалары мен білім бөлімдері бойынша даму деңгейлерінің индикатор өлшеуішінің жүйесін құрайды.

Біздің балабақшада мектеп жасына дейінгі баланы тәрбиелеу мен оқыту саласында заман талабына  сай, уақыт сұранысын қанағаттандыратын жаңа бағдарламалармен, технологиялармен қамтамасыз етілген.

Балалармен жұмыс жүргізуде әр түрлі инновациялық технологиялар қолданылады: ТРИЗ технологиясы, құм терапиясы, саз терапиясы, арт терапиясы «Дені сау бала» технологиясы бойынша жұмыстар жүргізіледі. Тәрбиешілер ата – аналармен осындай технологияларды қолдана отырып, семинар-практикум ұйымдастырады.

Балабақшада төрт мезгіл тамақпен қамтамасыз етілген. Жыл бойы балаларға  жеміс-жидектер және сүт өнімдері беріледі.

Барлық ертеңгіліктер, іс-шаралар ата-аналардың қатысуымен өткізіледі. Ата-аналарға психологиялық кеңес беру жұмыстары жүргізіледі. Біз ата-аналармен біргелікте балаларды Отансүйгіштікке тәрбиелейміз.

«Ақылды Рахым» балабақшасына  қош келдіңіздер!